logo

Футбол ардагері: Грек футболшыларын күш-жігер, тактика көмегімен ғана жеңе аламыз

Футбол ардагері: Грек футболшыларын күш-жігер, тактика көмегімен ғана жеңе аламыз

Футбол ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Асқар Қожаберген Грекия-Қазақстан ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл ойынды бізге алғаш рет берілген мүмкіндік деп есептеймін. Гректер өз елінде ойнайды. Алайда бізге қиын тиеді деуге болмайды. Керісінше оларға қиын тиюі керек. Қазақ жанкүйерлері өте көп. Спортшыларымыз ойын соңына дейін мықтылық танытып, жаттықтырушының айтқан тактикасын толығымен орындап шықса, нұр үстіне нұр болады. Сонда ғана жеңіске жетеміз, - деді Қ.Ордабаев.

Ал Асқар Қожабергенов болса,  Грекия чемпионатының деңгейі біздікімен салыстырғанда біраз жоғарылау деп отыр.

Негізгі ойыншылары Еуропаның мықты командаларында ойнайды. Біз оларды күш-жігер, тактика көмегімен ғана жеңе аламыз, - деді А.Қожабергенов.

Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуіне қазірге дейін 18 мыңнан астам билет сатылған. Аталған ойын Грекия астанасы Афина қаласындағы 30 мыңға тарта адам сиятын OPAP Arena стадионында өтеді.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін екі құрама 21 наурызда бақ сынайды.