Футбол агентімен неше жылға келісімшарт жасасуға болады: Кәсіпқой футболшылар альянсы сұраққа жауап береді
Футболшы футбол агентімен неше жылға келісімшарт жасаса алады, кәмелетке толмаған ойыншы агентпен жұмыс жасай алама.
ФИФА ережелеріне сәйкес футболшы мен футбол агенті арасында жасалған өкілдік туралы келісімнің мерзімі екі жылдан аспауы керек. Бұл мерзім тек жаңа өкілдік келісімімен ұзартылуы мүмкін. Сондықтан да бұл мерзімнен ұзақ уақытқа жасалған келісімшарт ФИФА заңдары бойынша заңсыз деп саналады.
Кәмелетке толмағандарға келетін болсақ, жас футболшымен футбол агентінің арасындағы келісімшарт кәмелетке толмағанға дейін алты айдан аспайтын мерзімде, яғни Қазақстан Республикасының заңы бойынша футболшының 16-жасына дейін 6 ай ішінде рұқсат етіледі. Алайда бұл жағдайда футбол агенті міндетті түрде футболшының ата-анасынан рұқсат алуы қажет.
View this post on Instagram