Фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Канаданың Лак-Бопор қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады.
Жарыс 6-7 қаңтар аралығында өтеді. Аталған ірі халықаралық турнирде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
— Шерзод Хаширбаев;
— Асылхан Асан;
— Ұланбәкір Өмірзақов;
— Дінмұхамед Райымқұлов;
— Роман Иванов;
— Аяна Жолдас.