Фотис Такианос астаналықтардың жеңілісіне не себеп болғанын айтты
«Астана» баскетбол клубының бас бапкері Фотис Такианос ВТБ лигасы аясындағы МВА командасына жеңілу себебін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
«Алғашқы 30 минут өзіміз қалаған ойынды көрсете алдық. Маркелл Джонсон қатарымызға қосылған алғашқы матч еді. Сондықтан, бұл ойын бұрынғыдан жақсы болды деп айтуға болады. Бірақ төртінші кезеңде шамамыз жетпеді. Шешуші он минутта жеңілуіміздің себебі – шаршау және көп қателік. Енді осы екі тұста көп жұмыс істеуіміз керек. Соңында ойын ырғағына ілесе алмадық»