logo

Фотис Такианос «Астана» жеңілісі жайында

Фотис Такианос «Астана» жеңілісі жайында

«Астана» баскетбол клубының бас бапкері Фотис Такианос «Нижний Новгород» командасына жеңіліске қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan ВТБ лигасына сілтеме жасай отырып.

 «Оңайға соқпайтынын білгем. Мен келгелі бірнеше күн өтті, жаңа дүние құрауға тырыстық. Бірақ уақыттың аздығынан қиынға соқты, оған қоса команданың жартысы ұлттық құрамада жүр.
Ойынның басында сәл қалыс қалып жаттық, бірақ төртінші кезеңде бой үйретіп, өзімізге үйреншікті қорғаныстағы тактикаға кірісіп, ұпай жинадық.  Өкінішке қарай, Дэвис жарақаттанып, ойынды жалғастыра алмады. Бұл жағдай команданы есеңгіретті, өйткені ол біздің негізгі ойыншыларымыздың бірі еді. 

Жаңадан бәрін құру үшін бізге уақыт керек. Жанкүйерлерге алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта нәтижені жақсартамыз деп уәде беремін»