logo

Фотиос Такианос: Отандық ойыншылар өзін көрсете білді

Фотиос Такианос: Отандық ойыншылар өзін көрсете білді

«Астана» баскетбол клубының бас бапкері Фотиос Такианос Нижний Новгородтағы матчты қорытындылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып:

 «Алда қиын ойын күтіп тұрғанын білдік. Бір жағына ұзақ жолдан кейін шаршауымызды білдірмей, екінші тұсынан барынша жақсы концентрацияда ойнағымыз келді. Өйткені бұл матч біз үшін турнир кестесі бойынша аса маңызды еді.   

Өкінішке қарай, алғашқы минуттардан қателерге бой алдырып, қарсыласқа допқа иелік етуіне жол бердік. Ойынның бірінші жартысында «Пари НН» 11 рет үшұпайлық доп соқты. Осылайша қарсылас команда өзі үшін өте тиімді басымдықты қамтамасыз етті. Ал біздің қорғаныс әлсіз болғаны анық.   

Ойынның екінші жартысында прессинг арттырғымыз келді. Осылайша қарсылас тек бір рет алыстан гол салды. Ұпай айырмашылығы азайғанымен, бізде фол саны артып, шаршау да басым болды.  

Бұл матчтың ең жағымды тұсы - отандық ойыншылардың өзін көрсете білуі. Бүгін паркетте барынша көп уақытқа ие болды, барын салды және командамызға шынымен көмектесе алатынын дәлелдеді. Алдағы уақытта да көп көмегі тиеді деген үміттемін»



Күн шежіресі