FIP Silver Kazakhstan турнирі аяқталды (видео)
Алматыда падел бойынша халықаралық федерациясының ең ірі турнирлерінің бірі — FIP Silver Kazakhstan өтті, деп хабарлайды Sport+.
Алматыда өткен бұл турнирдің жеңімпаздары — ерлер мен әйелдер арасында да Испания спортшылары атанды: ерлер арасында Гонсало Рубио мен Хавьер Мартинес, ал әйелдер арасында Марта Талаван мен София Саис Вальехо жеңіске жетті.
Жалпы турнирге испандықтар мен қазақстандықтардан бөлек, ТМД елдері, Швеция, Люксембург, Франция, Португалия, Түркия, Грекия, Аргентина және басқа да елдердің спортшылары қатысты. Бұл турнирдің жоғары деңгейде өткенін айқындады.