Фергюсон: Рахмонов сөздің емес, істің адамы
Танымал UFC жауынгері Тони Фергюсон Шавкат Рахмонов жайында пікірімен бөлісті:
Баспасөз-мәслихатына келіп, орнына жайғасқанымыз сол еді, ол бірден маған Қазақстаннан әкелген базарлығын берді. "Не деген тәрбие мен құрмет" деп ойладым"
Соншалықты мейірімді жігіт екен! Тіпті менің қаһарманым дер едім. Ол бір дыбыс та шығармастан, алаңда қарсыласының түгін қалдырмады. Шавкатқа әрнәрсені айтып әуре болудың қажеті жоқ, ол бәрін аренада дәлелдейді.