logo

Еуропа чемпионаты: Риза Каялп тарихи рекордты көздеді

Еуропа чемпионаты: Риза Каялп тарихи рекордты көздеді

Бухаресте (Румыния) күрес түрлерінен Еуропа чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Алғашқы күні боз кілемге грек-рим күресінен 55, 63, 77, 87, 130 келі келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар шығады. Бұл күні жарыс жартылай финалдық кезеңге дейін өтеді, демек кешке аталған салмақтарда финалистер анықталады.

Ең жеңіл салсақ дәрежесінде Адем Узун (Түркия) чемпиоедық титулвн қорғап қалуға ниетті. Оның басты қарсыластарының бірі - Нугзари Цурцумия (Грузия). 55 келінің үздігі Елданиз Азизли (Әзірбайжан) белгісіз себептермен біріншілікке қатыспайды.

2023 жылдың әлем чемпионы Малхас Амоян (Армения) Еуропа чемпионатына 77 келіде өз үстемдігін дәлелдеуге келді. Дегенмен, бұл салмақта мықты балуандар аз емес: әлем чемпионатының күміс жүлдегері Санан Сүлейманов (Әзірбайжан), 72 келіден ауысып келген әлем чемпионы Ибрахим Ганем (Франция), U23 әлем чемпионы Аленхандрин Гуту (Молдова).

87 келіде былтырғы әлем чемпионатының қос финалисі Әли Ченгиз (Түркия) бен Давид Лосончи (Венгрия) текетіресі аса тартысты болмақ. United World Wrestling ережесіне сәйкес үздік балуандар турнир кестесінің екі тұсына жіберіледі, демек аталған балуандар тек финалда кездесуі мүмкін.

Аса ауыр салмақта түріктің алып батыры Риза Каялп Румынияға 13ші Еуропа чемпионы титулын еншілеуге келді. Каялп дегеніне жетсе, ол Александр Карелинге тиесілі тарихи рекордты жаңартпақ. Карелин 12 рет Еуропа чемпионы атанған.

Еуропа чемпионатын тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан тамашалай аласыздар.