Еурокубоктардан кейінгі қарымта қайтару: «Астана» — «Алтай» матчының тікелей эфирі

Еурокубоктардан кейінгі қарымта қайтару: «Астана» — «Алтай» матчының тікелей эфирі

Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында «Астана» өз алаңында «Алтайды» қабылдайды.

Елордалық клуб соңғы кездесуін Конференциялар лигасында өткізіп, Албанияның «Динамосынан» жеңіліс тапқан еді. Сондықтан «Алтайға» қарсы ойынға дайындалуға олардың бір аптадан астам уақыты болды.

Айта кетерлігі, Григорий Бабаянның шәкірттері биыл өз алаңында небәрі екі рет жеңілді. Оның бірі — негізгі құраммен ойнамаған Қазақстан кубогындағы «Тобылға» қарсы матч болса, екіншісі — жоғарыда аталған «Динамоға» қарсы кездесу.

Ал «Алтай» соңғы ҚПЛ матчында өз алаңында «Ақтөбеден» жеңіліп қалды.

Соған қарамастан, өскемендік командаға қазір ұпай ауадай қажет. Клубтың Премьер-лигада қалу үшін турнирлік кестедегі қауіпті аймақтан шығуы маңызды.

Матч 19:00–де басталады. Кездесу Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көрсетіледі.



Күн шежіресі