logo

Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасының Англияға қарсы ойнайтын ойыншылар тізімі жарияланды

Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасының Англияға қарсы ойнайтын ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Англия U-21 құрамасына қарсы өтетін ойынға  шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматы қаласында басталады. Құрамға 24 ойыншы енді.

Қақпашылар: Нұралы Нұрғалиев («Шахтер»), Дулат Талыспаев («Кёге», Дания), Әбілқайыр Алиакбар («Алтай»);

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де — «Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»), Темірлан Мырзағалиев, Никита Губарев (екеуі де — «Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ertis»);

Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де — «Ertis»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Шахтер»), Рамазан Бағдат («Қайрат»);

Қосалқы құрам: Мирас Рихард, Мұхаммед Еңсебаев (екеуі де — «Ertis»), Санжар Ерниязов («Хан-Тәңірі»), Александр Мигунов («Шахтер»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Жандос Өмірзақов («Тараз»), Жансұлтан Мұхаметханов, Мирас Оматай (екеуі де — «Жетісу»), Дархан Бердібек («Жеңіс»);

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Андорра жастар құрамасын 1:0 есебімен ұтып, жеңіспен бастады

Іріктеу турнирінің екінші матчын Денис Мамоновтың шәкірттері 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Англия жастар құрамасына қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен 20:00–де басталады. Матч билеттері жуырда Ticketon.kz сайтында қолжетімді.



Күн шежіресі