logo

«Ертіс» жазғы ауысымда үлкен трансферге дайындалып жатыр ма?

«Ертіс» жазғы ауысымда үлкен трансферге дайындалып жатыр ма?

«Астана» футбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов жазғы трансферлік кезеңде павлодарлық «Ертіс» командасының ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.

Клуб басшылығында болған өзгерістерден кейін «Ертіс» өзінің трансферлік саясатын қайта қарап, Премьер-лигада ойнап жүрген футболшыларды қатарға қосуды жоспарлап отыр.

Команданың Премьер-лигаға жолдама алу жолындағы маңызды трансферлерінің бірі Арман Кеңесов болуы мүмкін.

Еске салайық, биылғы маусымда Кеңесов «Астана» сапында небәрі бес ойын өткізді: екеуі — Қазақстан кубогында, үшеуі — чемпионатта. Жалпы алғанда, ол алаңда 121 минут өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ.