logo

«Ертіс» Тамерлан Агимановты қатарына қосты

«Ертіс» Тамерлан Агимановты қатарына қосты

Павлодарлық «Ертіс» 18 жастағы шабуылшы Тамерлан Агимановпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Тамерлан – павлодар футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабын 2021 жылы «Ақсу» командасынан бастады, онда 2024 жылға дейін ойнады. Өткен маусымды «Екібастұз» сапында өткізіп, 20 матчта 5 гол соғып, 11 ассистпен үздік ойыншы атанды.

Агиманов Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына (U16, U17, U18, U19) шақыртылып, 20 ойын өткізіп, 9 гол соққан. Қазіргі уақытта U19 құрамасының сапында Еуропа чемпионатына іріктеу матчтарына дайындалуда.

Айта кетейік, «Ертіс» биыл Солтүстік-Шығыс конференциясында Екінші лига чемпионы атанып, 2025 жылы Бірінші лигада ойнау құқығына ие болды.