«Ертіс» «Оқжетпесті» тоқтатып, сенсация жасады (видео)

«Ертіс» «Оқжетпесті» тоқтатып, сенсация жасады (видео)

Премьер-лигада қалу үшін күресіп жатқан «Ертіс» келесі жылы еурокубок жолдамасына үміткер командалардың бірі — «Оқжетпесті» күтпеген жерден жеңді.

Павлодарлықтар бразилиялық Леонардо Калилдің екі голының арқасында үзіліске дейін 2:0 есебімен алға шықты. Екінші таймда бразилиялық футболшы хет-трик рәсімдеуге мүмкіндік алғанымен, пенальтиден мүлт кетті.

Қонақтар Оралхан Өміртаевтың голының арқасында есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп — 2:1. Осы жеңістен кейін «Ертіс» төменгі лигаға түсіп қалу аймағынан көтерілді.



Күн шежіресі