«Ертіс» канадалық шабуылшымен келісімшартқа отырды

«Ертіс» канадалық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Павлодардың «Ертіс» клубы 27 жастағы канадалық шабуылшы Олувабори Фалайемен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футболшы кәсіби мансабын Германияда бастаған. Әр жылдары «ВФБ 03 Хильден», «Алеманния» (Ахен), «ФСВ Франкфурт» және «ТСВ Аубштадт» клубтарының намысын қорғады.

Шабуылшының соңғы клубы Албания чемпионатында өнер көрсететін «Тирана» болды.



Күн шежіресі