Бүгін Тиранадағы (Албания) күрес түрлерінен U23 әлем чемпионатында еркін күрес балуандары боз кілемге шығады. Бір күн бұрын жеребе тарту рәсімі өтіп, Қазақстан балуандары алғашқы қарсыластарын білді, деп хабарлайды Sport+

57 кг, 1/8 айналым:

Алан Оралбек – Лука Гвинджилия (Грузия)

61 кг, 1/8 айналым:

Әділет Әлмұхамедов – Ибраһим Махди Хари (Иран)/Симоне Винченцо Пироду (Италия)

65 кг, іріктеу:

Бекзат Ермекбай – Хамзат Арсамерзоев (Франция)

70 кг, іріктеу:

Ернұр Нұрғазы – Үміт Ердоған (Түркия)

74 кг, 1/8 айналым:

Мұрат Жақыпов – Митчелл Мезенбринк (АҚШ)

79 кг, 1/8 айналым:

Жеңіс Қаныбеков – Отари Адеишвили (Грузия)/Радомир Николаев Стоянов (Болгария)

86 кг, іріктеу:

Нұржан Исағалиев – Аарон Айзеров (Израиль)

92 кг, іріктеу:

Бекзат Аманғалиев – Мұса Арсункаев (Мажарстан)

97 кг, 1/8 айналым:

Ризабек Айтмұхан – Каллум Уильям Нок (Канада)

125 кг, 1/8 кезең:

Омархан Нәдіров – Ален Хубулов (Болгария)

Алғашқы күні 61, 74, 86, 92, 125 кг салмақ дәрежелерінде іріктеу айналымы өтеді. Басталуы Қазақстан уақытымен 17:00-де.