Бүгін Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Жарыстың алғашқы күні еркін күрестен бес салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
57 келіде Мейрамбек Қартбай жарысты 1/4 финалдан бастайды. Оның қарсыласы Өзбекстан-Түркіменстан кездесуінде анықталады.
65 келіде Санжар Мұхтарды палестиналық спортшымен белдесу күтіп тұр. Мейіржан Әшіров (70 кг) Түркіменстан өкілімен күш байқасады. Жеңіске жеткен жағдайда 1/4 финалда Тәжікстан балуанымен кездеседі.
Азамат Өміржанов 79 келіде моңғол спортшысымен белдеседі. Ал 97 келіде Ризабек Айтмұханды кілем қожайынымен кездесу күтіп тұр.
Аталған салмақ дәрежелерінде Азия чемпиондары бүгін кешке анықталады.
