Ең үздік каратэшілер Ақтауда бас қосты. Қазақстан чемпионаты тікелей эфирде

12 сәуір күні Ақтауда ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.
Биыл бұл жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан рекордтық 400 мың каратэші қатысуда.
Жарыстың алғашқы күнінде барлық бағдарлама мен салмақ дәрежелері бойынша финалистер анықталды.
Финалдар 13 сәуір күні сағат 9:00–де басталады.
Қазақстан чемпионатының тікелей эфирін Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube арнасынан көруге болады.