logo

Елордада дзюдодан әлемдік “Qazaqstan Barysy Grand Slam” турнирі өтеді

Елордада дзюдодан әлемдік “Qazaqstan Barysy Grand Slam” турнирі өтеді

Астанада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді. Байрақты дода елімізде биыл үшінші рет қабылданбақ, деп хабарлайды Sport+.

Әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. 

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін — 700, ал ІІІ орын үшін — 500 ұпай есептелетін болады.

Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.  

Жарыс бағдарламасы:

9 мамыр

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг

Ерлер: -60 кг, -66 кг

10 мамыр

Әйелдер: -63 кг, -70 кг

Ерлер: -73 кг, -81 кг

11 мамыр

Әйелдер: -78 кг, +78 кг

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг