logo

Эльмира Сыздықова: Мансабымдағы өте ауыр екі жыл артта қалды

Эльмира Сыздықова: Мансабымдағы өте ауыр екі жыл артта қалды

Рио Олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова 2025 жылды нәтижелі бастады. Қаңтар айында ол екі бірдей халықаралық турнирде топ жарды. Қарағандылық спортшы Sport+ тілшісіне осы көрсеткіші жайында айтып берді.

«2025 жылды Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынынан бастадық. Жылдың алғашқы дайындық кезеңінен соң бірден Ниццаға (Франция) ұшып кеттік. Кейін Франция Гран-приі аталатын халықаралық турнирде жеңімпаз атандым.

Елге келіп, үйде бір тәулік қана болдым. Әрі қарай Красноярскке ұштық. Бұл жақта әйгілі Иван Ярыгин Кубогына қатыстым. Турнирлер жалпы жақсы өтті, қарсыластардың ішінде осы спортшы жоқ, бәрі жеңіс үшін еш аянып қалмайды. Салыстырмалы түрде Ярыгин жарысында қиындау болды, өйткені екі күн қатарынан күресуге тура келді. Азия біріншіліктерінде сайыс екі күнге жалғасуы өте сирек жағдай, сол үшін оған бойымыз үйренбеген.

Жоспар бойынша нақты ешнәрсе айта алмаймын. Мансабымдағы өте ауыр екі жыл артта қалды. Ахилл сіңірі екі рет жыртылып, қалыпқа келуім ұзақ болды. Былтыр толық қалыпқа келмей боз кілемге шығып кеттім, сол үшін аяғым ауырсынып жүрді. Дегенмен, қазір бәрі жақсы.

Биылға ең басты мақсатым — әлем чемпионатына дайындаламыз, қалғанын болжап айта алмаймын, менің физикалық, эмоционалдық жағдайыма қараймыз».



Күн шежіресі