«Елімай» Конференциялар лигасында армениялық клубпен ойнайды
Семейдің «Елімай» клубы УЕФА Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде армениялық «Алашкерт» командасына қарсы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport+.
Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық клубтың қарсыласы Ереван қаласының «Алашкерт» командасы болды.
Алғашқы матч 9 шілде күні Арменияда өтеді, ал қарымта кездесу 16 шілдеде Семейде жоспарлануда.