Елена Таусонмен кездесулерде жеңістер сериясын жалғастыра ала ма? Рыбакина – Таусон матчының тікелей эфирі

Уимблдон турнирінің үшінші кезеңінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 22-орында тұрған даниялық Клара Таусонмен кездеседі. Ал Еленаның өзі қазіргі таңда 11-сатыда тұр.
Лондонда Рыбакина армениялық Аванесян мен грек қызы Саккариді жеңді, ал Таусон өз кезегінде британиялық Уотсон мен ресейлік Калинскаяны ұтты.
Екі спортшы бұған дейін WTA турнирлері аясында екі рет кездескен, екеуінде де жеңіс қазақстандық теннисшінің еншісінде.
2019 жылы Елена Швециядағы топырақ жабындысында өткен матчта Клараны 6:4, 7:6 есебімен жеңсе, Майамидегі хардта 3:6, 7:5, 6:4 нәтижесімен басым түсті.
Рыбакина мен Таусон арасындағы жаңа кездесу 5 шілде күні Лондонда өтеді. Матч 15:00–де (Астана уақытымен) басталады.
Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.