Елдос Сметов Азия ойындары туралы: Бұл күн мен үшін тарихи сәт, сондықтан жақсы нәтиже көрсету үшін бар күшімді саламын

Елдос Сметов Азия ойындары туралы: Бұл күн мен үшін тарихи сәт, сондықтан жақсы нәтиже көрсету үшін бар күшімді саламын

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов сұхбатында Жапонияда өтетін Азия ойындарының ашылу салтанатында ту ұстаушы болудың жауапкершілігі, сондай-ақ жарақаты туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport+.

«Еліміздің туын алып шыққанда үлкен жауапкершілікті сезінемін. Халқымыз бен еліміздің бізге деген сенімін сезінемін. Бұл күн мен үшін тарихи сәт, сондықтан жақсы нәтиже көрсету үшін бар күшімді саламын.

Дайындық жоғары деңгейде өтті. Жарақат пен одан кейінгі қалпына келу кезеңіне келсек, мен бұл спортта жүргеніме біраз уақыт болды. Дзюдо туралы бәрін білемін деп айта алмаймын, бірақ өзімді тәжірибелі спортшы санаймын және мүмкіндіктерімді жақсы білемін. Сондықтан жарақаттан кейін татамиге шығып, барымды салуға дайынмын деп есептеймін».

Жапониядағы Азия ойындары 19 қыркүйекте ресми түрде басталады.



Күн шежіресі