Елдос Сметов алғашқы бапкерімен татамиде күресті
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қуанышын ұзақ уақыт тойлағаннан кейін жаттығу залына оралды, деп хабарлайды Sport +.
Белгілі дзюдошы кезекті жаттығуында өзінің алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлмен спаррингтік белдесу өткізді.
60 келіде белдесетін белгілі татами шебері жаттығу барысында бапкерімен түрлі әдістерді жасап көрді. Алайда белгілі маман өз шәкіртін татамиде бірнеше рет алып соқты.
«Алғашқы бапкеріммен 5 жасымда күресіп, ұта алмай жылап қалушы едім. Әлі күнге ұта алмай келемін», - деп жазды Елдос Сметов.
Естеріңізде болса, Сметов Париж Олимпиадасынан кейін Т.Рысқұлов ауданына барғанында жерлестері сыйлаған көлікті алғашқы бапкеріне тарту еткен болатын.