Екінші мүмкіндік. Қазақстандық юниорлар Уимблдон турнирінде жұптық разрядта өнер көрсетеді

6 шілде күні қазақстандық жас теннисшілер жасөспірімдер Уимблдонының алғашқы айналымынан өте алмады. Алайда 7 шілдеде олар жұптық разрядта екінші мүмкіндікке ие болады.
Заңғар Нұрланұлы жерлесі Дамир Жолдасбаймен бірге жұп болып өнер көрсетеді. Олардың Козар — Дюссо дуэтіне қарсы матчы 18:00–ге жоспарланған.
Ал Амир Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен бірге 19:30–да ойынын бастайды.
Қос кездесуді де sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.