Астанада дзюдодан Данияр Макишевті еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтті. Аталған додада Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Белорусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық татами шебері 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары  мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталды. І орын алған спортшы - 500$, ІІ орынға - 350$, ал ІІІ орынға ие болған жүлдегер 200$ АҚШ долларынан табысталды. Сонымен қатар, «Үздік әдіс үшін» номинациясымен әртүрлі салмақ дәрежелерінде Мұхамедәлі Закиров (Қазақстан), Сардор Еркінов (Өзбекстан) және Жантілек Нұртілепұлы (Қазақстан) Ұйымдастыру комитетінің арнайы ақшалай сыйақымен марапатталды.

-60 кг

1.Мәди Серіков (Қазақстан)

  1. Тельжан Сұлтанбай (Қазақстан)

3.Асылхан Зейнуллин (Қазақстан

3.Нұрсұлтан Бейсембек Қазақстан)

-66 кг

1.Береке Рахматұллаұлы (Қазақстан)

2.Санжар Қанафин (Қазақстан)

3.Сухроб Пулатов (Өзбекстан)

3.Бенед Шукуров (Өзбекстан)

 

-73 кг

1.Мұхамедәлі Закиров (Қазақстан)

2.Асадбек Нурбутаев (Өзбекстан)

3.Қанат Әбитұлы (Қазақстан)

3.Антон Дубовик (AIN)

-81 кг

1.Данил Крылов (Қазақстан)

2.Досбол Балғабай (Қазақстан)

3.Досхан Жолжақсынов (Қазақстан)

3.Нодербек Мовлонбердиев (Өзбекстан)

-90 кг

1.Сардор Еркинов (Өзбекстан)

2.Берікбол Жұманбеков (Қазақстан)

3.Азиз Алтынбай (Қазақстан)

3.Нұрдәулет Тынышқали (Қазақстан)

-100 кг

1.Мейіржан Сламшиков (Қазақстан)

2.Ерасыл Нұртаза (Қазақстан)

3.Бибарыс Райс (Қазақстан)

3.Бағжан Байтас (Қазақстан)

+100 кг

1.Жантілек Нұртілепұлы (Қазақстан)

2.Шерхан Алпанов (Қазақстан)

3.Ардақ Серіков (Қазақстан)

3.Әлихан Назымхан (Қазақстан)