logo

Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері дайындық туралы

Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері дайындық туралы

Дзюдодан Қазақстан командасы қазіргі таңда Алматы облысында дайындалуда. Бұл туралы команданың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

"Қазақстан ұлттық құрама командасы Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Қазіргі таңда құрама Испаниядан елге аман-есен оралып, Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Жаттығу жиыны 17 шілдеге дейіін жалғасады. Ұлттық құрама жазғы Олимпиада ойындарына осы жерден аттанады», - деді Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан сынға түседі. 



Күн шежіресі