Дзюдодан қос қазақстандық балуан Гран-при турнирінде жеңімпаз атанды
Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел құрамасынан Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Халықаралық турнирде Шерзод финалда әзербайжандық Ахмад Юсифовты жеңді. Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды.
Ал Жанарыс Рахметқали финалда британиялық Майкл Фрайердің осал тұсын тапты. Негізгі кезеңде балуандар жеңімпазды анықтай алған жоқ. Ал қосымша кезеңде (golden score) Жанарыс иппон әдісімен қарсыласын қапы қалдырды.