Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға ресми түрде табысталды
Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туын ресми түрде қабылдады, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстан спорты үшін маңызды оқиға Әзербайжан астанасы Бакуде болды. Әлем чемпионаты аясында өткен салтанатты рәсімде Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) туы келесі әлем біріншілігін ұйымдастырушы ел ретінде Қазақстанға табысталды.