Дзюдодан әлем чемпионаты: үшінші күн жүлдесіз аяқталды
Қазақстан дзюдошылары Әбу-Дабидегі әлем чемпионатының үшінші жарыс күнін де жүлдесіз тәмамдады, деп Sport Plus Qazaqstan
Бүгін татамиге тек қана Эсмигуль Куюлова (63 келі) шыққан еді. 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар денсаулық жағдайына байланысты жарысқа қатыспады.
Куюлова алғашқы екі кездесуде жеңіске жетіп, үшінші айналымда польшалық Анжелика Шманскаға есе жіберді.