Дзюдодан әлем чемпионаты: екі балуанымыз жарыстан шығып қалды
Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Серікбаев (60 келі) пен Ғалия Тынбаева (48 келі) жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Дүбірлі додада қазақстандық екі балуан алғашқы белдесулерін сәтті бастаған еді.
Нұрқанат Серікбаев алдымен мальталық Джеймс Захранының осал тұсын тапса, енді ол ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Харимге қосымша уақытта ұтылды.
Ал, Ғалия Тынбаева (48 келі) алғашқы белдесуінде жеңіске жеткенімен одан кейін екінші айналымда испаниялық Лаура Мартинестен ұтылды.