logo

Дзюдо: қазақ балуандары қолаға таласады

Дзюдо: қазақ балуандары қолаға таласады

Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында басталған әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақ балуандары алтынсыз қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бүгін 2 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр.

Қазақстан құрамасының атынан Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева (48келі) және Елдос Сметов пен Нұрқанат Серікбаев (60 келі) белдесті. 

Сметов пен Әбужақынова қола жүлдеге таласады. Тынбаева мен Серікбаев жарысты ерте аяқтады.

Қола жүлде үшін Әбиба Әбужақынова Түркия спортшысы Тугже Бедермен кездеседі.

Ал көршіміз Өзбекстан жарыстың бірінші күнінде-ақ алтын медаль алуға үмітті. 52 келі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған Диёра Келдиёрова финалға жолдама өтті. Ол жартылай финалда жапон балуанын жеңді. Енді алтын жүлде үшін Италия спортшысымен кездеседі.

Келдиёрова былтыр Дохада күміс медаль алғанын айта кету керек.

Финалдық кезең Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.