Дзюдо федерациясы басшылық құрамындағы өзгерістер туралы жариялады
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен келісім бойынша Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының шешімімен Айбек Асетұлы Имашев ұйымның бас хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.
Айбек Имашев 1992 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 5-дан иегері, жоғары санатты жаттықтырушы. Спортшы ретінде Азия және Еуропа чемпионы атанып, Әлем кубогының күміс жүлдегері, сондай-ақ Grand Slam және Grand Prix серияларындағы халықаралық турнирлердің жүлдегері болған.
Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Маңғыстау облысының дзюдодан аға жаттықтырушысы, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, Маңғыстау облыстық дзюдо орталығының директоры, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2023–2025 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры болды.
Қазақстан дзюдо федерациясының жаңа атқарушы директоры болып Тимур Болат тағайындалды.