Дзюдо: Аруна Жангелдина Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының үшінші жарыс күні әйелдер арасынан қазақстандық Аруна Жангелдина жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Атап айтсақ отандасымыз ширек финалда өзбекстандық дзюдошы Ирисхон Құрбанбаевадан айласын асырып, қарсыласын жарыс жолынан тайдырды.
Жангелдина алғашқы айналымында қырғызстандық дзюдошының жауырынын жерге тигізді.
Осы салмақтағы тағы бір отандасымыз Маргарита Гриценко бірінші белдесуінде Тайпей спортшысын таза ұтты. Алайда, ширек финалда жапон балуанынан ұтылып қалды.
Сонымен қатар аса ауыр салмақтағы (+78 келі) Камила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова Азия чемпионатының алғашқы айналымында қарсыласына есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.