Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы талқыланды
Елордада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы туралы кеңес өтті, хабарлайды sportplustv.kz.
Жиында Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу – еліміз үшін маңызды спорттық іс-шара екенін ерекше атап өткенін жеткізді.
Бағдарламаға 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрі еніп, 110 медаль жиынтығы ойнатылады.
Ойындарға дайындық шеңберінде Ұлттық құрама командалардың спортшылары 2024 жылғы қаңтардан бастап 13 халықаралық, 39 жергілікті оқу-жаттығу жиындарына және 17 республикалық және 23 халықаралық жарысқа қатысады.
Еске сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл Астана төрінде 8-14 қыркүйек аралығында өтеді.