logo

Дмитрий Шомко: Каньяс Лукас Подольскиді аяғынан аямай тепті

Дмитрий Шомко: Каньяс Лукас Подольскиді аяғынан аямай тепті

«Астана» футбол клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко Sport+ телеарнасына берген сұхбатында УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Галатасарайға» қарсы ойынды және Германия құрамасының ойыншысы Лукас Подольскимен болған жанжалды еске алды.

«Подольскимен болған жағдай онша жақсы емес еді. Мен түсінбеймін, бұл адам бір елге, бір қалаға бірінші рет келіп тұрған жоқ қой. Лукас Германия құрамасымен келген кезде біздің әсем Астанамызды, әдемі елімізді көрді. Сонда да Борат туралы ондай сөздер жазу — ақылға сыймайды. Бұл тек қазақстандықтарды емес, біздің құрамдағы легионерлерді де ренжітті. Каньяс болса оны бүкіл ойын бойы ұрып, етіктерін ұшырып жүрді», — деді Шомко.

Аталған матч 2:2 есебімен тең аяқталған болатын.

Толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы көруге болады.



Күн шежіресі