Денис Мамонов Англиямен болған матч туралы: Кез келген қарсыласты жеңуге болады

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Англия жастар құрамасымен болатын алдағы матчқа қатысты ойларымен бөлісті.
«Кез келген қарсыласты жеңуге болады, мәселе — осы ойынға психологиялық тұрғыдан қалай дайындалатынымызда. Ағылшындардың ойын стилін түсіне отырып, кейбір ойыншыларға бұл қысым түсіруі мүмкін, біздің міндетіміз — олардың бұл көзқарасын өзгертіп, өздеріне сенімді болуға көмектесу. Бұл қысым ойын бойы жалғасатын болады», — деді Мамонов.
Ойын 8 қыркүйекте Ақтөбеде өтеді.
Мамоновтың толық сұхбатын төменнен көре аласыз.