logo

Дәулет Тұрлыханов елімізде спорт саласында қандай кемшіліктер бар екенін айтты

Дәулет Тұрлыханов елімізде спорт саласында қандай кемшіліктер бар екенін айтты

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Тұрлыханов еліміздегі спортты дамытуға қатысты ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Оның пайымынша, бұл салаға қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, бұл шығындардың тиімділігі төмен. Осы орайда бұл жағдайды жақсарту үшін келесі шараларды қабылдау ұсынылды:

- спорттық іс-шараларды қаржыландыру процестерін толығымен цифрландыру және қаражаттың мақсатты пайдаланылуына онлайн-бақылау жүйесін енгізу;

- шетелдік тәжірибені қолдана отырып, спорттық іс-шараларды жоспарлаудың заманауи әдістерін қолдануды қолға алу;

- жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын, әсіресе халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізетіндер үшін көтермелеу жүйесін күшейту;

- спорт нысандарын басқаруда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту.

«Қазақстандық спортқа маңызды реформалар қажет. Спортты дамытудың 2025-2028 жылдарға арналған бағдарламасын және 2032 жылға дейінгі Даму стратегиясын бекітуді ұсынамыз», - деді депутат.