logo

Дәулет Ниязбеков: Кем дегенде 3 алтын аламыз деген мақсат  болды

Дәулет Ниязбеков: Кем дегенде 3 алтын аламыз деген мақсат  болды

Еркін күрестен U17 Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Дәулет Ниязбеков Olympic.kz сайтына берген сұхбатта Иорданияда өткен Азия біріншілігін қорытындылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan 

«Негізі,  үш алтын алатын шамамыз бар еді. 60, 71 және 80 келідегі балуандарымыздың финалға шығатын шамасы болды. Өздері қате жіберіп, жеңіліп қалды.

Біз бар білгенімізді үйреттік, бірақ, балалар ойдағыдай күресе алмады. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді.

Кем дегенде 3 алтын аламыз деген мақсат болды. Сол үшін еңбек еттік. Біздің жігіттер жаман емес, бірақ көпшілігі бір қатенің салдарынан ұтылды. Қателіктерді көрдік, енді сол кемшіліктерді әлем чемпионатына дейін реттеуге тырысамыз.

Дәл осы чемпионатқа қырғыз балуандары жақсы дайындықпен келіпті. Жігіттеріміздің әрқайсысында әртүрлі қателік бар. Сонымен жұмыс істейміз», — деді Ниязбеков. 



Күн шежіресі