Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-16 құрамасының ойыншылар тізімі белгілі болды
16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Шымкент қаласында өтетін Даму кубогына қатысады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Турнирде төрт команда өнер көрсетеді: Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Пәкістан. Командалар бір-бірімен бір ойыннан өткізеді.
Команданың аға жаттықтырушысы Русланжан Раимбакиев оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімін жариялады:
Қақпашылар: Абай Заманбек, Мирдиор Мирахматов (екеуі де — ҚФФ Академиясы), Бексұлтан Бекмұрза («Оңтүстік Академиясы»);
Қорғаушылар: Данияр Қаси, Арғын Жұмагелді, Михаил Турищев, Бахтияр Оразғалиев, Никита Лисохмар (барлығы — ҚФФ Академиясы), Абылай Тоқтасын («Шахтер»), Әмірхан Абуов («Астана»);
Жартылай қорғаушылар: Нұрмұхамед Қамбар, Радмир Хизметов, Платон Шипицин, Мирас Салимов, Мансұр Болат, Давид Заречный, Асхат Дұтпаев (барлығы — ҚФФ Академиясы), Абдулла Бапишев («Магдебург», Германия), Карим Мендіқанов («Сан-Кугат», Испания);
Шабуылшылар: Әмірхан Маратов, Артем Шалыгин, Сұлтан Дәуренов, Бекасыл Қанат, Ануар Төленді (барлығы — ҚФФ Академиясы).
Жаттықтырушылар штабы: Русланжан Раимбакиев — аға бапкер, Юрий Мархель — аға бапкердің көмекшісі, Асхат Құсайынов — дене даярлығы бапкері, Қазыбек Мамиленов — қақпашылар бапкері, Ұлан Қожабергенов — сарапшы, Абылай Аязбай — дәрігер, Сергей Бурлуцкий — массажист, Абылайхан Құрбанәлі — менеджер.
Даму Кубогы-2026 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):
25 сәуір (сенбі)
10:30 Ресей U17 — Әзербайжан U17
15:30 Қазақстан U17 — Пәкістан U17
27 сәуір (дүйсенбі)
10:30 Ресей U17 — Пәкістан U17
15:30 Әзербайжан U17 — Қазақстан U17
30 сәуір (бейсенбі)
10:30 Пәкістан U17 — Әзербайжан U17
15:30 Қазақстан U17 — Ресей U17