Cурдолимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстан спортшылары төрт медаль жеңіп алды
Токио қаласында жазғы сурдолимпиада басталды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық спортшылар қазірдің өзінде төрт медаль жеңіп алды — 2 алтын, 2 қола.
Төрт медальдың бәрі дзюдошылардың еншісінде. Алтынды Хамза Гулама (66 кг дейінгі салмақ) мен Шадияр Қуандық (73 кг дейінгі салмақ) жеңіп алды.
Айым Жетпісбаева (48 кг) мен Алтынбек Қақытаев (60 кг) қола жүлдегер атанды.