Чемпиондық финал? «Қайрат» – «Тобыл» матчының тікелей эфирі

Чемпиондық финал? «Қайрат» – «Тобыл» матчының тікелей эфирі

Алматылық «Қайрат» қатарынан үшінші рет Қазақстан чемпионы атану жолындағы күресін жалғастыруда.

«Ордабасы» «Астананы» жеңгеннен кейін алматылықтарды басып озып, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Енді «Қайраттың» көш басына қайта оралуға мүмкіндігі бар.

Бапкер Рафаэль Уразбахтин айтқандай, команданы алда алты финал күтіп тұр. Соның біріншісі — өз алаңында «Тобылға» қарсы матч. Қостанайлық команда үшін биылғы маусымды сәтті өтіп жатыр деу қиын: клуб еурокубоктарда да, ел чемпионатында да көңіл көншітерлік нәтиже көрсете алмады.

Бұл кездесудің тағы бір интригасы — «Тобылдың» маусым басында «Қайратты» жеңіп, Қазақстан Суперкубогын иеленуі.

Енді турнир кестесіндегі бірінші орынды қайтарып алу және Суперкубоктағы жеңілістің есесін қайтару алматылықтар үшін қосымша мотивация болмақ.

Матч сағат 19:00–де басталады.

Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі