«Челси» құрамында Чемпиондар Лигасының иегері 39 жасында мансабын қайта жалғастырмақ
Лондондық «Челси» және Кот-д'Ивуар құрамасының бұрынғы шабуылшысы Саломон Калу 39 жасында футболдағы мансабын қайта бастады және «Ганьоа» клубының ойыншы-директоры болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Калу «Фейеноорд», «Челси», «Лилль», «Герта» және «Ботафого» сияқты клубтарда өнер көрсеткен. Кот-д'Ивуар құрамасы сапында 97 матч өткізіп, 28 гол соққан.
2012 жылы ол «Челси» құрамында Чемпиондар Лигасын жеңіп алған.