«Бүркіттер» биікті бағындыруға ұмтылуда: «Бешікташ» — «Эрзурумспор» матчының тікелей эфирі

«Бүркіттер» биікті бағындыруға ұмтылуда: «Бешікташ» — «Эрзурумспор» матчының тікелей эфирі

Түркия Суперлигасының бесінші турын Ыстамбұлда өтетін матч ашады. Бұл ойында Душан Влахович бастаған «Бешікташ» Бірінші лигада өнер көрсетіп, жоғары дивизионға көтерілген «Эрзурумспорды» қабылдайды.

«Бешікташ» бабына еніп келеді. Еурокубокта «Жальгириске» сүрінгеннен кейін Винченцо Итальяно шәкірттері «Чорумды» 6:2 есебімен ойсырата жеңіп, артынша «Фенербахчемен» дербиде де 2:1 есебімен басым түсті.

Қазір «Бүркіттердің» еншісінде 9 ұпай бар. Сондықтан келесі ойында жеңіске жетсе, кем дегенде сенбіге дейін турнир кестесінің көшін бастайды.

Ал «Эрзурумспор» үшін маусым басы қиындықпен басталды. Команда «Амедтен» (0:3) және «Галатасарайдан» (0:4) жеңілді. Кейін нәтижелері біршама тұрақталғанымен, клуб әлі де турнир кестесінің төменгі бөлігінде тұр.

Матч 11 қыркүйек күні сағат 22:00–де өтеді.

Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі