Бразилиялық легионер Семеймен қош айтысты
«Семей» футбол клубы 21-жасар бразилиялық шабуылшы Лукас Формигамен келісім шартты бұзғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Келісім шарт екі жақтың келісімімен күшін жойған. Формига «Семей» сапына 2023/24 маусымының басында қосылып, үш матчта үш гол соққан еді.