logo

Бірінші лиганың үздік сұрмергені өзіне жаңа клуб тапты

Бірінші лиганың үздік сұрмергені өзіне жаңа клуб тапты

Бірінші лиганың 2023 жылғы маусымның үздік сұрмергені Николай Агапов Малайзия чемпионатына ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

30-жасар «Ақжайықтың» шабуылшысы Николай Агапов Малайзия жоғарғы лигасының өкілі «Шри Паханг» командасымен келісімшарт жасасты.

Өткен маусымда Агапов оралдық командасының сапында 23 гол соғып, Бірінші лиганың үздік сұрмергені атанды.