«Бешікташ» көшбасшының сүрінуін пайдалана ала ма: «Амедспор» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі
Футболдан Түркия Суперлигасының 6-туры бір сенсация сыйлап үлгерді — «Трабзонспор» «Галатасарайды» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Енді Ыстамбұлдың тағы бір клубы — «Бешікташ» чемпионның сүрінуін пайдаланып, бірінші орынға көтерілуі мүмкін. Ол үшін «бүркіттерге» маусымды өте сәтті бастаған «Амедспорды» жеңу қажет.
Команда 10 ұпай жинап, турнир кестесінің көш басындағы топта келеді. Сонымен қатар оның құрамында чемпионаттың үздік сұрмергендерінің бірі — нигериялық Гифт Орбан бар. Ол Түркия Суперлигасындағы соңғы үш матчта 6 гол соқты.
Түркияда Орбаннан көп гол соққан жалғыз футболшы — Мохаммед Салах.
Матч сағат 22:00–де басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.