logo

Ресейлік альпинисттер Гималайға шығу барысында қаза тапты

Ресейлік альпинисттер Гималайға шығу барысында қаза тапты

Непалда 6 қазанда жоғалып кеткен бес ресейлік альпинисттің денелері табылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Альпинистер Непалдағы Дхаулагири тауына шығу кезінде қаза тапқан. 

«Денелер 7100 метр биіктікте құтқару тікұшағымен табылды», — деп мәлімдеді құтқару тобының өкілі.

Құтқарушылардың нұсқасына сәйкес, альпинистер 7600 метр биіктіктен құлап кеткен. 6 қазан күні таңғы сағат 6-да Александр Душейко, Олег Круглов, Владимир Чистиков, Михаил Носенко және Дмитрий Шпилевой кіретін топпен байланыс үзілген.

Дхаулагири Гималай тау жотасына кіреді, оның биіктігі 8167 метрді құрайды және әлемдегі жетінші ең биік шың болып саналады.