Белорусиялық жартылай қорғаушы «Атырау» сапына қосылады

29 жастағы белорусиялық жартылай қорғаушы Никита Капленко «Атырау» футбол клубының ойыншысы атанады, деп хабарлайды Sport+ «Отдал. Закрылся» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Жартылай қорғаушы қазір Түркияда оқу-жаттығу жиынынға қосылды.
Капленконың соңғы клубы Ресейдің екінші дивизионында ойнайтын саратовтық «Сокол» болды. Ол онда жарты жыл ішінде чемпионат пен кубок аясында 13 матчқа қатысты.
Сонымен қатар, «Атырау» сапында қаралымнан беларусиялық «Молодечно» командасында өткен маусымда ойнаған қақпашы Роман Степанов өтіп жатыр.