logo

Белгілі шетелдік бапкер қазақстандық клубтан кетті

Белгілі шетелдік бапкер қазақстандық клубтан кетті

48 жастағы чех бапкері Иржи Ярошик қарағандылық «Шахтер» клубынан кеткені туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport+ Legalbet сайтына сілтеме жасап.

«Мен қазір үйге кетіп қалдым. Енді „Шахтерге“ жаңа бапкер келеді. Қазақстандағы басқа клубтардан ұсыныстар бар ма? Әзірге жоқ. Көрерміз», — деді Ярошик.

Қарағандылық «Шахтер» 2025 жылы өз тарихында алғаш рет ел біріншілігінің ең жоғарғы дивизионында емес, төменгі — Бірінші лигада өнер көрсетті. «Кеншілер» турнир кестесінде төртінші орын алып, Қазақстан Премьер-лигасына жолдама ала алмады.

Мәскеулік ЦСКА мен «Челси» клубтарының бұрынғы футболшысы Ярошик Қарағандыда кеңесші-бапкер ретінде жұмыс істеген, алайда іс жүзінде Андрей Финонченко, кейін Александр Кузнецовпен бірге «Шахтердің» бас бапкері қызметін атқарған.